«Челси» «Реалды» жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты
Лондондық «Челси» өз алаңында мадридтік «Реалды» 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты, деп хабарлады Prosports.kz.
Бірінші таймда есепті Тимо Вернер ашты. Ал 85-минутта Мэйсон Маунт гол соғып, матч нүктесін қойды.
Чемпиондар лигасы. Жартылай финал. Қарымта матч.
«Челси» – «Реал» – 2:0 (1:0)
Голдар: Вернер, 28, Маунт, 85.
Бірінші матч – 1:1.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалында «Челси» «Манчестер Ситимен» кездеседі. Ойын 29 мамырда Стамбұлда өтеді.