Еліміздің белгілі спортшылары Денис Тенді еске алды

Еліміздің белгілі спортшылары Денис Тенді еске алды
Prosports.kz

19 шілдеде 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайтыс болғанына үш жыл толды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мезгілсіз қаза болған спортшыны КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, ал қазір жаттықтырушы Станислав Шайдоров еске алды.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда автокөлік ұрыларымен болған төбелесте алған пышақ жарақаты салдарынан қайтыс болды.