ФИФА: Қазақстан рейтингтегі орнын жақсартты

ФИФА: Қазақстан рейтингтегі орнын жақсартты
kff.kz

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-орыннан 120-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1151 ұпай бар.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан әлем чемпионатының іріктеуінде үш кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. Алдымен Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері Нұр-Сұлтанда Украина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Кейін сырт алаңда Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілсе, кейін тағы сырт алаңда Босния және Герцоговина құрамасымен 2:2 есебімен тең тарқасты.

Рейтингтің көш басында Бельгия (1832 ұпай) тұр. Екінші орында Бразилия (1811) болса, үздік үштіктің қатарына Англия (1755) құрамасы көтерілді.

ФИФА рейтингі (16.09.2021):

  1. Бельгия – 1832 ұпай
  2. Бразилия – 1811
  3. Англия – 1735
  4. Франция – 1754
  5. Италия – 1735
  6. Аргентина – 1725
  7. Португалия – 1674
  8. Испания – 1673
  9. Мексика – 1666
  10. Дания – 1658
  11. …27. Украина – 1520
  12. Финляндия – 1407
  13. Босния және Герцеговина – 1405
  14. Нигер – 1156
  15. Казақстан – 1151
  16. Жаңа Зеландия – 11491.