Пеле тағы жансақтау бөліміне түсті

Пеле тағы жансақтау бөліміне түсті

Футбол бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы атанған Пеле тағы да жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ол Бразилиядағы Сан-Паулу қаласындағы ауруханада жатыр. Дәрігерлер аты аңызға спортшы рефлюкспен ауырып жатқанын айтады. Мамандар 80 жастағы спортшының қазіргі халі бірқалыпты екенін, бірақ сақтық үшін жансақтау бөлімінде бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Бұған дейін Пелеге қарнында пайда болған ісікті алу бойынша ота жасалған болатын.