Мэнни Пакьяо спорттан кетті

Мэнни Пакьяо спорттан кетті
Sportbox

Аты аңызға айналған боксшы Мэнни Пакьяо рингке оралмайтынын және жас спортшыларға көмектесуге ден қоятынын мәлімдеді.

Боксшы бұл туралы Toni Gonzaga Studio ютуб-каналына берген сұхбатында айтты.

«Менің мансабым? Ол аяқталды. Бәрі бітті. Менің отбасым жеткілікті деді. Енді өз елімнің басқа боксшыларын қолдаймын», - деді Пакьяо.

Еске салайық, филиппиндіктің соңғы жекпе-жегі 21 тамызда WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Йорденис Угасқа қарсы өтті. Мэнни бұл жекпе-жекте жеңілген болатын. Ал 19 қыркүйекте ол Филиппин президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынды. Сайлау келесі жылдың мамырына белгіленген.