Қазақстан құрамасының ойыншысы Испания клубының сапына қосылды

Қазақстан құрамасының ойыншысы Испания клубының сапына қосылды

Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан да Силва испаниялық «Эль-Посо» футзал клубының сапына келіп қосылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Тайнанның бұған дейінгі клубы Португалияның «Спортингі» болды, аталған команда сапында ол 2020/2021 жылғы Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Сонымен қатар Португалия чемпионы (2020/2021), Португалия суперкубогы (2019) және Лига кубогының иегері (2020/2021) атанды.