«Біз әлі әлемді шулатамыз!». Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

«Біз әлі әлемді шулатамыз!». Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Кәсіпқой рингте қарсылас шақ келтірмей жүрген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы француз Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады,деп хабарлайды «Хабар 24». 

«Аллаға шүкір, кезекті жеңіске қол жеткіздік! Бұл тек менің емес, бұл қазақ елінің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі QAZAQ STYLE жанкүйерлерінің жеңісі! Біз тарих жасаймыз. Біз әлі әлемді шулатамыз, бұйыртса! Қолдауларыңызға рахмет!» – деп жазды Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, Әлімханұлы француз Нжикамды сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO Global тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион атағын иеленді.