«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Тюмень» командасынан жеңілді

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Тюмень» командасынан жеңілді

УЕФА Чемпиондар лигасының Элиталық раундының шешуші матчында алматылық «Қайрат» тюменьдіктерден жеңіліп, турнирдің төрттік финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылықтар қарсыласынан 2:3 есебімен ұтылды.Ресейліктер келесі кезеңге жолдама алды. 

Чемпиондар лигасы. Элиталық кезең. 

А тобы 3 тур. 

«Тюмень» (Тюмень, Ресей) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - 3:2 (0:1) 

Гол соққандар: Оразов 10 (0:1), Бруно Таффи 28 (1:1), Бруно Таффи 35 (2:1), Лазаревич 37 (3:1), Ақбалықов 40 (3:2)