Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты жалғасып жатыр

Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты жалғасып жатыр

Ел чемпиондары белгілі. Елордада күрес түрлерінен ішкі біріншілік жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні тағы 5 салмақтағы үздіктер анықталды. 65 келідегі еркін күрес шеберлері арасында Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Санжар Досжанов топ жарды. 70 келіде атыраулық Сырбаз Талғат, 86 келіде шығыс қазақстандық Азамат Дәулетбеков, ал 92 келіде алматылық Әділет Давлумбаев қарсылас шақ келтірмеді. Аса ауыр салмақта жамбылдық Әлішер Ерғали жеңімпаз атанды. Ал жалпы командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы бірінші орын алды. Үздік үштікті Жамбыл облысы мен Алматы қаласы түйіндеді. Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындалады. Енді бүгін бозкілемге грек-рим және әйелдер күресінің өкілдері шығады. 

Самат Ерғалиев, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы

Қостанайда баскетболан Қадырбек Оспанов атындағы ашық турнир басталды

Бұл бәсеке 2006 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді және соңғы уақытта халықаралық деңгейге көтеріліп еді. Бірақ биыл қалыптасқан жағдайға байланысты өзге елдің командалары келе алмады. Жарысқа жергілікті және жақын аймақтардағы жасөспірімдер жиналды. Бас-аяғы 14 команда 3 күн бойы сынға түседі. Ерлер арасында бөлек қыздар арасында бөлек жеңімпаздар анықталады.

«15-16 жастағы өрендер облыстық және ұлттық құрамаға резерв. Сондықтан бұл жарыстың маңызы ерекше» дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Қадырбек Оспанов баскетболдан КСРО спорт шеберлігіне үміткер және жоғары санатты төреші болды. Бертін келе облыстық спорт басқармасына жетекшілік етіп, өңірде баскетбол мектебін қалыптастыруға мұрындық болды.