Анастасия Лаврованың командасы неміс Бундеслигасындағы кезекті турда жеңіске жетті

Анастасия Лаврованың командасы неміс Бундеслигасындағы кезекті турда жеңіске жетті

Үстел теннисінен неміс Бундеслигасында кезекті тур аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Анастасия Лаврова намысын қорғайтын SV SCOTT командасы өз алаңында лимбургтық команданы қабылдап, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Әзірге команда турнир кестесінде бесінші орында келеді. Анастасия Лаврова бұл ойында клубқа екі ұпай сыйлады. 

22 қаңтар күні Германия чемпионаты үздіктерінің бірі MTV командасымен ойнайды.