Рахат Бралин мәнерлеп сырғанаудан Bavarian Open турнирінде 5-орынға ие болды

Рахат Бралин мәнерлеп сырғанаудан Bavarian Open турнирінде 5-орынға ие болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Рахат Бралин Оберстдорф қаласында өткен Bavarian Open халықаралық турнирінде ерлер арасындағы жекелей сында 5-орынға ие болды.

Еркін бағдарламада ол 5-ші нәтиже (79,05 ұпай) көрсетіп, қорытынды хаттамада 140,25 ұпаймен 5-ші орынға тұрақтады.

Ерлер арасындағы Bavarian Open турнирінің жеңімпазы жалпы 211,57 ұпаймен Польша өкілі Владимир Самойлов, екінші орынды австриялық Люк Майерхофер (208,71 ұпай), үшінші орынды германиялық Кай Ягода (202,89 ұпай) иеленді.