Роналду «Манчестер Юнайтедтен» маусым соңында кетуі мүмкін

Роналду «Манчестер Юнайтедтен» маусым соңында кетуі мүмкін
AP © Jon Super

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің агенті Жорже Мендешпен клуб ауыстыру туралы сөйлеспек, деп хабарлайды «Қазақ спорты».

Белгілі болғандай, 37 жастағы португалиялық МЮ-дегі өнеріне көңілі толмайтын көрінеді. Сондықтан маусым соңында карьерасын жалғастыратын бірнеше клубтан ұсыныс болғанын қалайды.

Мамандар бас бапкерлікке кімнің тағайындалатыны да Роналдудың шешіміне әсер ететінін алға тартуда. Себебі қазір бұл қызметті уақытша атқарып жүрген Ральф Рангникпен Роналдудың арасында түсініспеушіліктер бар.

Криштиану Роналдудың бұлай түңілетін жөні бар. Португалиялық өзінің антирекордын қайталап, соңғы бес матчта гол соға алмай жүр.  

Бұл маусымда Роналду клуб сапында 25 ойын өткізіп, 14 гол соққан, үш нәтижелі пасы тағы бар.