ҚР МСМ: Олимпиада спортшыларының дайындығына ақша бөлінбейді

Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың дайындығына енді бюджеттен ақша бөлінбейді. Мәдениет және спорт министрлігі осындай ақпарат таратты.

Олар бірінші сәуірден бастап Ұлттық олимпиада комитетімен арадағы келісімшарттың бұзылатынын мәлімдеді. Ал оған дейін құжатта көрсетілген соманы төлеп береді. Содан соң Олимпиада комитеті ел қазынасынан бір де бір тиын алмайды.

Ұлттық олимпиада комитетін Тимур Құлыбаевтың басқаратынын білесіздер. Бюджеттен ақша бөлмеу керек деген тапсырманы министрлікке Президент берген.