Фьюри мен Уайт 23 сәуірде бокстасады

Фьюри мен Уайт 23 сәуірде бокстасады

Ауыр салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри мен оның отандасы Диллиан Уайт жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Sky Sports хабарлайды.

Дереккөзге сәйкес, қол қойылған келісімшарттар WBC-ге 21 ақпанда жіберілген. Енді ұйым басшылығы айқасты ұйымдастыруға рұқсат беруі керек.

Жекпе-жек 23 сәуірде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді деп күтілуде.

33 жастағы Фьюридің есебінде 31 жеңіс (22 нокаут) және бір тең айқас бар. Ал 33 жастағы Уайт айқастарының 28-ін жеңіспен аяқтаса (19 нокаутпен), екі рет жеңіліс тапқан.