Әлемге танымал теннисші төрешіні ұрып турнирден шеттетілді

Әлемге танымал теннисші төрешіні ұрып турнирден шеттетілді
Чемпионат.com

Неміс теннисшісі Александр Зверев Мексиканың Акапулько қаласында өтіп жатқан турнирден шеттетілді. Ол жұптық сайыс кезінде төрешіні ракеткамен ұрып жіберді, деп жазады Vesti.kz. 

Жұптық сында Зверев пен бразилиялық Марсело Мело ұлыбританиялық Ллойд Гласспул мен фин Харри Хелиоваареден 2:6, 6:4, 6:10 есебімен жеңілді. Осы ойыннан кейін Зверев төбешікте отырған төрешіге барып, оны ракеткамен бірнеше рет ұрып кетті.