Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогы мәресіне жетті

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогы мәресіне жетті
inform.kz

Беделді бәсекеде еліміздің Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары және Қызылорда, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облыстарынан 63 спортшы бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Салтанатты шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық конькимен жүгіру федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Андрей Линник, «Абзал және К» толық серіктестік директоры, облыстық коньки тебу федерациясының президенті Мағжан Ералиев, «Элизабет Тұрсынбаева» қорының президенті Байтақ Тұрсынбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.