ISU шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатын кейінге қалдырды

ISU шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатын кейінге қалдырды
Olympic.kz

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Канадада жоспарланған шорт-тректен әлем чемпионатының кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл жайлы ұйым өзінің ресми веб-сайтында жазды:

«Әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты (Covid-19 пандемиясы және Украинадағы жағдай) ISU және Канадалық конькимен жүгіру спорты федерациясы Монреальда жоспарланған әлем чемпионатын кейінге қалдыруға келісті. Шамамен 2022 жылдың 8-10 сәуіріне жоспарланып отыр.

Іс-шараның кестесі жақын арада жарияланатын болады».