Францияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі веложарыс басталды

Францияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі веложарыс басталды

Францияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік басталды.

«Париж-Ницца» жарысы биыл 8 кезеңге созылады. Осы аралықта спортшылар 1200 шақырымды жүріп өтуі керек. Оған қатысып жатқандар арасында «Астана» командасы да бар. Бірақ қазақстандық клуб мүшелері ә дегеннен алға шыға алмады.  Алғашқы жарыс күні ең тәуір нәтижені Самуэле Баттистелла көрсетті. Ол мәре сызығын он үшінші болып кесті. Ал екінші кезеңде «Астана» сапындағы Давид Де ла Крус қырық сегізінші болып келді. Соның арқасында қазір жалпы есепте 31-сатыда тұр. Топ басына жергілікті Кристоф Ляпорт жайғасты.

Айта кетейік, бұл жолғы бәсекеге ұлттық құраманың үздігі Алексей Луценко қатыса алмады. Ол аяқасты ауырып қалған. Франциядағы дода 14 наурызға дейін жалғасады.