Рафаэль Надаль Индиан-Уэллс турнирінің үшінші кезеңіне өтті

Рафаэль Надаль Индиан-Уэллс турнирінің үшінші кезеңіне өтті

Индиан-Уэльс қаласындағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасы 2 айналымда басым түсіп, үшінші кезеңді бағындырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Испаниялық теннисші америкалық Себастьян Корданы 3 партия бойына қапы қалдырды. 2 сағат 31 минутқа созылған матчта Рафаэль 2 де 5 есебімен ұтқан. Енді ол британиялық Дэниэл Эванспен ойнайды. Индиан-Уэльс турнирінің жүлде қоры қомақты, 8 жарым миллион доллардан асады.

Айта кетейік, Надаль биылдың өзінде 15 матчты қатар ұтып, Australian Open турнирінде 3 титулды қанжығасына байлап үлгерген.