Мбаппе келесі аптада «Реал Мадрид» ойыншысы атанады

Мбаппе келесі аптада «Реал Мадрид» ойыншысы атанады
Спорт-Экспресс

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе жақын арада «Реалға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды vesti.kz.

Дереккөздің мәліметінше, тараптар қазір белсенді түрде келіссөздер жүргізуде. 18 наурызға дейін барлық мәселелер шешіледі деп күтілуде. Бірақ мадридтік клуб шабуылшының ауысқанын тек маусым соңында жариялайды.

Мбаппенің «Реал Мадридтегі» жылдық жалақысы 25 миллион еуроны құрамақ. Сондай-ақ келісімшарт жасағаны үшін 60-80 миллион еуро көлемінде бонус алады деген ақпарат бар.

Еске салайық, Килиан 2017 жылдан бері ПСЖ сапында өнер көрсетуде. Шабуылшының клубпен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың соңында аяқталады.