Қазақстан құрамасы триатлоннан Азия кубогіне қатысады

Қазақстан құрамасы триатлоннан Азия кубогіне қатысады
Olympic.kz.

Қазақстандық триатлоншылар жақында Непалда өтетін Азия кубогіне қатыспақ, деп хабарлайды Olympic.kz.

Отандық спортшылар Ыстықкөл жағасында спортшылар оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Ұлттық құрама мүшелері 31 наурызға дейін шеберліктерін шыңдап, аталған Азия кубогіне аттанады. 

Құрлықтық додаға қатысатын спортшылар тізімі: Әлихан Әбусейіт, Надежда Бекмағанбетова, Даниил Зубцов, Кирилл Рожков, Юлия Озерова, Иван Тутукин және Екатерина Шабалина.