Криштиану Роналдудың ұлы қайтыс болды

Криштиану Роналдудың ұлы қайтыс болды
Betassist.ru

«Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду жаңа туған ұлы шетінеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес егіз күтіп жүрген — ұл мен қыз. Қызы дүниеге келсе, ұлы шетінеп кеткен.

«Сәбиіміз қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Бұл кез келген ата-ана үшін ең ауыр қайғы. Дүниеге келген қызымыз осы сынақты еңсеруге күш береді», - деп жазды Роналду Instagram-парақшасында.

Роналду мен Родригес 2016 жылдан бері бірге. Джорджина 2017 жылы қарашада Роналдуға қыз сыйлаған. Сонымен қатар футболшының суррогат ата-аналардың үш баласы бар.