Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды

Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды

Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат  федерациясының президенті болды. Бұл туралы жас спортшы өзінің инстаграм парақшасында жариялады,  деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біздің мақсатымыз – Алматыны әлемдік шахмат орталығына айналдыру, басқа елдердің шахмат федерацияларына үлгі болатындай ету. Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында – төрт негізгі бағытты дамыту: қала тұрғындары арасында бұқаралық спорт, мектептегі білім берудегі шахмат, жоғары жетістіктер спорты, сондай-ақ ардагерлерді қолдау», – деп атап өтті Жансая Әбдімәлік.