Путинцева Ыстамбұлдағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ыстамбұлда WTA 250 сериясындағы турнирдің бірінші айналымында жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы польшалық Магда Линетт болды. Путинцева 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч екі сағат, 9 минутқа созылды.
Путинцеваның ендігі қарсыласы швециялық Ребекка Петерсон болады.