Таеквондодан қазақстандық мамандар халықаралық төреші атанды

Таеквондодан қазақстандық мамандар халықаралық төреші атанды

Әзербайжан астанасы Бакуде таеквондодан жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинар өттті, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Аталған семинарға қазақстандық мамандар да қатысып, білімін жетілдірді. 

Халықаралық семинар қорытындысы бойынша үш қазақстандық маман, атап айтқанда, Малика Жандаева (Алматы қаласы), Айдана Махимова (Атырау облысы) және Асылбек Байқоңыров (Жамбыл облысы) халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болды.