Көркем гимнастика: Қазақстан тұңғыш рет әлем кубогінің финалында өнер көрсетті
Италияда көркем гимнастикадан әлем кубогінің кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Елжана Тәниева шығыршықпен орындалатын жаттығулар финалында 8-ші, таспамен өнер көрсетуде 5-орын иеленді.
Сондай-ақ, ел тарихында тұңғыш рет топтық жаттығулар бойынша командамыз әлем кубогінің финалында өнер көрсетті.
Қыздарымыз шығыршықпен 6-орынға ие болса, доп+таспа жаттығуларында 8-орынға тұрақтады.
Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.