Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатында сегіз медаль еншіледі

Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатында сегіз медаль еншіледі
kaztkd.kz

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Жарыстың қорытынды күнінде қазақстандық спортшылар үш қола медаль еншіледі. Алдымен 63 келідегі Әділет Базарбаев бірінші айқасында вьетнамдық қарсыласын 2:0 есебімен ұтса, екінші айналымда ауғанстандықтан да дәл осындай есеппен басым түсті. Жартылай финалда қытайлықтың мерейі үстем болды – 0:2. 80 келінің өкілі Нұрлан Мырзабаев ливандық спортшыдан айласын асырды. Есеп – 2:0. Осылайша жерлесіміз жартылай финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Өкінішке қарай, бұл кезеңде Мырзабаев өзбекстандық таеквондошыдан 1:2 есебімен ұтылды. Ал 67 келідегі Нұрай Құсайнова біріншілікті ширек финалдан бастап, филиппиндік қарсыласын ұтты – 2:1. Жартылай финалда қытайлық қарсыласына жол берді – 0:2.

Осылайша қазақстандық таеквондошылар жалпы есепте 8 медаль еншіледі.

Бұған дейін Рита Бакишева (46 кг), Жасурбек Исраилов (58 кг), Ботагөз Қапанова (49 кг) мен Смайыл Дүйсебайдың (87 кг) қола жүлдегер атанғанын, Жансель Дениздің (74 кг) күміс жүлдеге қол жеткізгенін хабарлағанбыз.