Қазақстан шахматтан үздіктер қатарында

Қазақстан шахматтан үздіктер қатарында

Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Үндістанда өтіп жатқан Дүниежүзілік олимпиадада үздік 6 құраманың қатарына кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ерлер керісінше, жетінші орыннан 12-қатарға сырғыды. Кеше қазақстандық арулар Словакия құрамасымен кездескен болатын. Нәтижесінде, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Ассаубаева және Гүлісхан Нахбаева өз кездесулерін жеңіп, айқын басымдыққа ие болды. Ал ерлер құрамасы Әзірбайжаннан жеңілді.