«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы қытайлық клубқа ауысты
Германиялық шабуылшы Штрели Мамба қытайлық «Далянь Про» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы ойыншы бұған дейін «Қайратта» өнер көрсеткен. Алматылық клуб сапында ол 13 кездесуге қатысып, 2 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, «Далянь Про» командасында «Наполи» мен Словакия құрамасының бұрынғы капитаны Марек Гамшик доп тебеді, оның үстіне команданы белгілі испаниялық маман Рафаэль Бенитес жаттықтырады.