Жауынгер чемпиондар Армениядан жүлдемен оралды

Жауынгер чемпиондар Армениядан жүлдемен оралды

Қазақстан командасы Арменияда өткен Халықаралық армия ойындарынан олжалы келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бейбітшілік жауынгері» байқауы Дилижан қаласында өтті. Біздің жауынгерлер әскери-қолданбалы пәндерден, әскери-медициналық жарыстан және атыс даярлығынан үздік нәтижелер көрсетті. Осылайша қазақстандық команда Армения, Беларусь және Ресейден келген қарсыластарын басып озды. Ал Қабардин – Балқар тауларында өткен жарыста әскери альпинистер төртінші орын алды.

Нәзира Әлбосынова, қатардағы жауынгер:

Бір жерде құлау, бір жерде сүріну болса, біздің құраманың артықшығы құласа да намысты бермей, күш жігер жинап, бізге қолдау көрсеткен, шынықтырған жаттықтырушылардың берген кеңесімен алға қалай жылжи берді. Қазақстан Республикасының абыроймен өзге елде көк туын желбіретіп, сол жеңістің бір мүшесі болғанына мен қуаныштымын.