Тоқаев Головкинге қоңырау шалды

Жанкүйерлер үшін сен чемпионсың. Және чемпион болып қаласың! Ел Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев  былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге бүгін қоңырау шалып, осылай деп жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының айтуынша Генаның халықаралық аренада Қазақстанның атын танытуға қосқан үлесі орасан зор. Отандасымыз бүгін Ақш -та орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін мексикалық боксшы Канело Альвареспен жұдырықтасты. Соңғы раундтарда қарсыласын басымдықпен алғанымен,Геннадий алғашқы кезеңдерде есе жіберіп қойды. Сарапшылар бұл ойынға қатысты түрлі пікірді сан-саққа жүгірткенімен, отандасымыз өз ойын білдіріп үлгерді. Оның айтуынша "Альварес нағыз батыр, және мұны тек бокстан хабары жоқ адамдар ғана түсінбейді". Ал, кәсіпқой боксшының карьерасына келсек, шаршы алаңнан кету әзір оның жоспарында жоқ! Геннадий Головкин сондай-ақ, қолдау көрсеткен Қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Геннадий Головкин,. Әлем чемпионы:

- Мені қолдаған қазақстандықтарға, жерлестеріме, бокс жанкүйерлеріне алғыс айтамын, қолдауларыңыз үшін рақмет. Сәл жетпей қалды, қатемді мойындаймын.. Мықты болып ораламыз, барлығы жақсы болады.