ATP 500: А.Недовесов теннис турнирін сәтті бастады

ATP 500: А.Недовесов теннис турнирін сәтті бастады

Александр Недовесов Астанада теннистен өтіп жатқан АТР 500 турниріндегі сериясына сәтті кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық теннисші колумбиялық қарсыласы Даниэл Галанды үш сетте де жеңіп, жақсы нәтиже көрсетті. Қорытынды есеп 5-7, 7-6 және 6-2. Жарыстың негізгі бөлігіне жолдама алу үшін Недовесов іріктеудің ақтық кезеңінде қытайлық Чжичжень Чжанмен кездеседі. Өкінішке қарай, қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев, Арысланбек Айтқұлов және Григорий Ломакин жекелей сындағы ойынын жеңіліспен бастап, жарыс жолынан шығып қалды.