Шавкат Рахмонов қаңтарда жекпе-жек өткізеді

Шавкат Рахмонов қаңтарда жекпе-жек өткізеді

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін UFC файтері Шавкат Рахмонов (16-0) 15 қаңтарда жекпе-жек өткізеді, деп жазады Prosports.kz. 

Бұл туралы ESPN журналисі Бретт Окамото хабарлады. 

Рахмонов промоушнның жартылай орта салмақ рейтингісінде алтыншы орында тұрған америкалық Джефф Нилмен (15-4) кездеседі. 

Айта кетейік, Шавкат кейінгі жекпе-жекте америкалық Нил Магниді екінші раундта жеңді.