ӘЧ: Португалия ширек финалға шықты

ӘЧ: Португалия ширек финалға шықты

Роналду негізгі құрамда алаңға шықпады. Плей-офф аясындағы Португалия мен Швейцария арасындағы матч осындай тосын жаңалықтан басталды.Команда үздігі бұған дейін өз командасының бас бапкерін сынаған болатын. Соған қарамастан матч аса тартысты өтті және жанкүйерлер 7 бірдей голды тамашалады. Әсіресе, Португалия құрамасы ә дегеннен басымдықты өз қолдарына алып, 17-ші минутта есеп ашты. Авторы - Гонсалу Рамуш. Дәл осы Рамуш матч барысында тағы 2 гол соғып, хет-трик авторы атанды. Кейін оның командаласы Пепе де мергендігімен көзге тсіп, есеп айырмасын ұлғайтты. Пепенің осы жетістігі әлемдік футбол тарихында жазылып қалды. Өйткені ол плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде спортшы саналады. Қазір Пепе 39-жаста. Бұған қоса, Португалия сапынан Рафаэль Геррейро мен Рафаэль Леаолар да бір-бір голдан соғып, қорытынды нәтижені 6:1-ге жеткізді. Жеңіске жеткен Фернанду Сантуш шәкірттері енді ширек финалда Мароккомен жолығады. Матч 10-шы желтоқсанда өтеді. Ал әлем чемпионатының өзі 18-ші желтоқсанға дейін жалғасады.