Жәнібек Әлімханұлы: титулды қорғауға аттандық

Жәнібек Әлімханұлы: титулды қорғауға аттандық

Ет жеп, күш-қуат жинадық. Енді чемпиондық титулды қорғауға аттанып барамыз. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасына осындай жазба қалдырып, Америкаға жол тартқанын мәлімдеді.

Мұхиттың арғы жағында ол кешенді жаттығу өткізіп, физикалық шеберлігін шыңдайды. Ал кезекті қарсыласы британиялық Лиам Смит болуы керек. Бүкіләмдік бокс ұйымы қос спортшығы да жекпе-жекке шығуды міндеттеген болатын. Өйткені Лиам Смит орта салмақтағы рейтингтің бірінші сатысына көтеріледі. Сәйкесінше, WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа негізгі үміткер саналады. Ал белдік қазір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының еншісінде.

Бұл атақты былтыр жекпе-жексіз алған еді. Артынша Жәнібек АҚШ төрінде Смиттің жерлесі Дензель Бентлиді жеңіп, чемпиондық белдікке лайық екенін дәлелдеді. Осының арқасында кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 13 жекпе-жек, 13 жеңіске жеткізді. Ал Лиам Смит 19 жекпе-жекте 16 рет жеңіске жетті және ол 2015-2016 жылдары дәл осы WBO чемпиондық белдігінің иегері де болды. Қос мықты арасындағы кездесудің қашан және қайда өтетіні туралы әзірге ресми ақпарат шықпады.