Қазақстандық семсерлесуші Әлем Кубогында жүлдеге ілікті

Қазақстандық семсерлесуші Әлем Кубогында жүлдеге ілікті

Құрбанов – қола жүлдегер. Дәл қазір Гериманияда семсерлесуден Әлем Кубогы өтіп жатыр және жарыстың кезекті күні қылыш бағытындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық Руслан Құрбанов осы санат бойынша әлемдік рейтингтің 9-шы сатысында тұр. Соған қарамастан өзінен әлдеқайда мықты деген қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Мәселен, іріктеу сындарында оңтүістіккореялық Тайджин Сонды, венгриялық Давид Даняны және италиялық Давид Ди Веролиді жеңді. Тіпті әлем чемпионы және Олимпиаданың күміс жүлдегері венгриялық Сергели Шиклошиден де басым түсті. Қортынды есеп – 15:12. Жерлесіміз тек жартылай финалда жапон спортшысына жол берді. Нәтижесінде сол Коки Кано жеңімпаз атанды. Күміс жүлде швейцариялық Алексис Баярдке бұйырса, үздік үштікті қазақстандық Руслан Құрбанов пен испаниялық Юлен Перейра түйіндеді.