Қарағандыда әскерилер арасында қоян-қолтық ұрыстан ашық чемпионат басталды

Аймақ үздіктері арасында айқас. Қарағандыда әскерилер арасында қоян-қолтық ұрыстан ашық чемпионат басталды.

Дәстүрлі өтетін жарысқа бұл жолы Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 7 команда қатысып жатыр. Яғни бас-аяғы 56 спортшы 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Олардың арасында қатардағы сарбаздардан бастап келісім-шартпен жүргендер, тіпті офицерлер де бар. Жігіттер 7 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетеді.

Азатбек Айбаба, жарыс төрешісі:

- Әр команда өзінің дайындығын әр түрлі дәрежеде көрсетіп жатыр. Біз қызметте жүргеннен кейін кәсіби түрде өнер көрсету қиындау болады. Енді жігіттер дайындалған, жақсы өнер көрсетіп жатыр. Бұлардың ішінен үздік шыққандарды іріктеп, осы біздің «Орталық» өңірлік қолбасшылықтың намысын қорғауға ел чемпионатына апарамыз.