Шавкат Рахмонов бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Ол Лас-Вегаста өткен турнирде қарсыласы америкалық Джефф Нилді үшінші рауында жеңді. Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңіліп көрмеген спортшы атағын сақтап қалды.