Qyzmet Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды

Qyzmet Cup чемпионатының 8-ші маусымы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шағын футболдан өткен жарысқа биыл 24 команда қатысты. «Қуат» лигасында Мемлекеттік күзет қызметінің «Абырой» командасы чемпион атанды. ІІ орынды Ішкі істер министрлігінің жігіттері алса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Қалқан» командасы ІІІ орынды місе тұтты.

Ал «Бірлік» лигасында «Қаз Әуе Навигациясының» командасы чемпион болды. ІІ орын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ССН-А» командасына, ІІІ орын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бұйырды. Qyzmet Cup 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Турнирге мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері ғана қатыса алады. Жарыс тек Астанада емес, өңірлерде де ұйымдастырылып келеді. Аймақта бірінші орын алғандар жуырда елордада өтетін супер кубок ойынына қатысады.