Сарапшы: Спорт саласына түбегейлі өзгеріс керек

Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық олимпиада комитеті және федерациялар арасында үйлесім жоқ.

Бұл жайында Мемлекет басшысы спортшылармен кездесуінде айтты. Енді алдағы жарыстарда мұндай жағдайға жол бермей, спорт саласына түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат Президенттің бүгінгі сыны мен Азия ойындарының нәтижесі ұлттық құрама үшін сабақ болды деп санайды. Айтуынша, спорт мектептерінің жұмысына баса мән беру керек. Қазіргі толағайлардың нақты ізбасарлары бар ма, жоқ па – соған назар аудару қажет, - дейді сала маманы.

Болат Хавлахат, Қазақстан каратэ WKF федерациясының вице-президенті:

- Спорт резервтері жағына көп көңіл бөлу қажет. Мысалы, спорт мектептері қазіргі деңгейде нақты спорттың резервтерін беріп жатыр ма, жоқ па? Әсіресе республикалық спорт мектеп-интернаттары. Соларға көп сұрау салу керек. Неге десеңіз, біз спорт мектеп-интернаттары тек Қазақстан чемпионатында ғана чемпион болғанын ойлап келсе, олар нақты резерв бола алмайды. Қазіргі заманда спорт жасарып кетті. 19, 20, 21 жасында әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы болып жатыр.