Елордада бокстан жазғы спартакиада аяқталды

Елордада бокстан ересектер арасындағы 6-шы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті.

4 жылда бір ұйымдастырылатын бәсекеге 13 салмақ бойынша 176 спортшы қатысты. 51 келідегі Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбайдың жекпе-жегін көпшілік тағатсыздана күтті. Нәтижесінде Сәкен Бибосынов жеңіске жетіп, турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Бұдан бөлек ұлттық құрама сапында байрағымызды желбіретіп жүрген Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай өз салмақтарында қарсылас шақ келтірмеді. Жалпы есеп бойынша Астана қаласының боксшылары 3 алтын, 2 күміс медальмен топ бастады.