Әлем чемпионаты: Қазақстан Венгрияны ұтты

Әлем чемпионаты: Қазақстан Венгрияны ұтты

Қазақстан Венгрияны ұтты.

Хоккейден жастар арасындағы әлем ченмпионаты жерлестеріміз үшін сәтті басталды. Бірінші дивизион командалары арасындағы дүниежүзілік дода Венгрияда өтіп жатыр. «А» тобына түскен ұлттық командамыз алғашқы ойында алаң иелерімен жолығып, 5:2 есебімен ұтты. Жерлестеріміз арасынан Оразов, Смольянинов, Авдеенко және Логвин мергендігімен көзге түсті. Тіпті, Всеволод Логвин дубльдің авторы атанды.

Осылайша Қазақстан әлем чемпионатындағы алғашқы матчында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сергей Старыгин баптайтын жігіттер енді бүгін Дания командасымен ойнайды. Матч елорда уақытымен 21:00-де басталады. Одан кейін Жапония, Австрия және Франция құрамаларымен жолығады. Венгриядағы байрақты бәсеке 17-ші желтоқсанға дейін жалғасады.