Алматыда каратэден Bel-Bilek турнирі өтіп жатыр

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде каратэден халықаралық «Bel-Bilek» турнирі өтіп жатыр.

Оған өз елімізбен қоса Украина, Өзбекстан, Иран, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан сияқты жеті мемлекеттен балалар мен жасөспірімдер қатысты. Шараны "Қазақстанның барлық стильдегі каратэ федерациясы" ұйымдастырды. Ал бас демеуші «Халық» қайырымдылық қоры. Жүлдегерлерге кубок пен медальдар табысталады. Сонымен қатар 50 жаттықтырушыға алғыс хат пен естелік сыйлықтар беріледі.

Талғар Ахмадиев, барлық стильдегі каратэ федерациясының атқарушы директоры:

- 700-ден астам бала қатысып жатыр. Бүгін 4 татамиде, кеше екі татамиде біздің бірінші мақсатымыз жаңа айтқандай ол бірінші тәрбие. Әрі қарай бала дамыймын арығарай каратэ-доның жолына бара десе есік ашық. Бізде білімді де білікті мамандар жұмыс ітеп жатыр.