Абай ауданында жүзу спорты дамып келеді

Абай облысының Абай ауданында жүзу спорты жақсы дамып келеді.

Өзен-көлі аз өңірде соңғы жылдары бассейнге құмар бала саны көбейген. Дүбірлі додада топ жарып, жүлде алып жүргендері де бар. Оларды қаладан арнайы шақырылған бапкер жаттықтырады.

Айсұлтан Серікбосын 2 сыныпта оқиды. 2020 жылдан бері бассейнге үзбей келіп жүр. Нәтиже де жоқ емес. Қазір қаланың балаларынан қалыспайды. Семейде өткен біріншілікте екі мәрте жүлдегер атанды.  

Айсұлтан Серікболсын, оқушы:

- Маған кроль әдісімен жүзген ұнайды. Өйткені кроль ең оңай әдіс. Мен кроль жүзіп тез үйреніп алдым. Ең атақты чемпион болғым келеді. Ең мықты чемпион болғым келеді. Ең тез чемпион болғым келеді. 

Чемпион болуды армандайтын балғындарды Өскеменнен арнайы келген бапкер Меруерт Келемеденова жаттықтырады. Олар аптасына бес рет суға жүзудің қыр-сырын үйренеді. 

Меруерт Келемеденова, жүзуден жаттықтырушы:

- Бала ең алғаш келгеннен бастап, суға түсе алмаған кезінен бастап өзіміз үйретеміз. Бала жарысқа енді шығып, ары қарай жалғастыру үшін бәрін. Ауданда балалар да, үлкен кісілер де жүзуде бізде біраз қиындау енді. Бірақ соған қарамастан балалар үнемі келеді. Үзіліссіз келеді. Қазіргі уақытта бәрі үлкен кісілер де, балалар да үйреніп қалды. 

Қарауылдағы бассейн 2018 жылы ашылған. Ұзындығы 25 метр, 5 жолақты. Мұнда қазір 9 топта 91 оқушы жаттығады. 

Меруерт Келемеденова, жүзуден жаттықтырушы:

- Бізде енді қазір Абай ауданымызда көріп тұрғандарыңыздай балалар өте көп келіп жатыр. Тағы да жанымызда тұрған ауылдардан балалар келгілері келеді. Келіп те жатыр. Соған қарамастан қабылдау жүргізіп жатырмыз. Тағы да енді үлкен осындай бір бассейніміз болса деген ойдамын енді 25 метрлік бассейн тарлық етіп жатыр. Бір елу метр, тағы да біраз жолдар қосса ма деп едім. Дорожкалар дейді ғой. 

Еркебұлан Сағындықов, аудандық дене тәрбиесі және туризм бөлімінің басшысы:

- Ауданымызда күрес пен бокс бұрыннан дамыған спорт түрі болса кейіннен игровой вид дейміз ғой. Спорттың ойын түрлері, волейбол, футбол сияқты спорт түрлерінен «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша мұғалімдер әкеп, үй алып, жұмыс беріп. Сол жігіттер қазір жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Суға жүзу спорты да жақсы деңгейде. Қазір облыстық жарыстан бірнеше оқушыларымыз чемпион боп жүрген оқушыларымыз да бар. 

Облыста соңғы екі жылда 10 спорт мектебі ашылды. Абай ауданында 46 спорт нысаны бар. Өңірде 6 мыңға жуық адам спортпен шұғылданады.

Азамат Қасым, Медет Өмірханов