Пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Илья Маслов ел намысын қорғайды

Биыл мамыр айында АҚШ-тың Остин қаласында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтеді.

Байрақты бәсекенің 105 келі салмаққа дейінгі дәрежесінде ел намысын әлем және Азия чемпионы Илья Маслов қорғайды. Ол қазір қызу дайындық үстінде. Илья былтыр қараша айында Литвадағы жарыста жатып көтеруде 317,5 келі көтеріп алтын медаль жеңіп алған. Ендігі халықаралық меже 330 келі, дейді спортшы. Илья Маслов пауэрлифтингтен төрт дүркін Азия және бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ зілтемірді жатып көтеруден Қазақстан рекордшысы.

Илья Маслов, пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Осы спорт түрінен Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейде мықтылардың қатарында. Үздік спортшыларымыз көп. Алдағы Әлем чемпионатына толық дайынмын. Соңғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеттім. Нәтиже жаман емес. Мақсат 330 келі және одан да жоғары салмақты көтеру.

Вячеслав Старков, пауэрлифтингтен аға жаттықтырушы:

- Илья қазір бабында. Әлем чемпионы атанады деген үміттеміз. Соңғы жарыстарда ол өзінің мүмкіндігін өте жақсы көрсетті.