Әр елді мекендегі тәртіпті қадағалайтын бір кәсіп иесі бар. Басына іс түскен адам әуелі сол маманды іздейді. Ұрыны аңдитын, тентекті заң арқылы тезге салатын, кейде араздасқандарды сабырға шақыратын ол күні-түні дамыл таппайды. Себебі арқалаған жүгі ауыр. Қоғамдық қауіпсіздіктің қырағы сақшысы саналатын учаскелік инспектор тұрғындардың бәрін таниды. Оны да ауыл азаматтары жақсы біледі. Полиция қызметкері шағым айтып келген азаматтың мұң-мұқтажына құлақ асуға тиіс. Кейде осындай қарапайым қағидалардың арқасында іс насырға шаппай, ақылмен шешіліп жатады. Әсіресе ауылдықтар мен учаскелік инспектор арасындағы сенім мен бір-біріне көрсеткен қолдаудың арқасында көп кикілжің көпке созылмайды. Осы істің басы-қасында үнемі тәртіп сақшылары жүреді.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Адал еңбек #қоғамдық қауіпсіздік #тәртіп сақшылары #полиция #еңбек адамы #24KZ #учаскелік инспекторPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz