Елорда іргесінде орналасқан Қосшы қаласы. Күннен күнге көркейіп, қарқынды дамып келеді. Былтыр шаһарға Президент тапсырмасы бойынша табиғи газ қосылды. Сондай-ақ жастардың заман талабына сай білім алуын қамтамасыз ету үшін Қосшыда халықаралық деңгейдегі колледж ашу да көзделген. Жергілігті халық үшін тағы бір әлеуметтік маңызы бар нысан - ол әрине емхана. Бұл емдеу мекемесі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бой көтеріп, жуырда ел игілігіне берілген.
Тегтер #хабар24 #Қосшы #емхана #арнайы репортажPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz