Астанада бір апта ішінде 6,5 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу тіркелген.
Бұл туралы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады. Атап айтқанда, жылдамдықты асырған - 775; қауіпсіздік белбеуінсіз көлік жүргізген үшін - 510; апаттық жағдайды туғызғаны үшін -135; автокөлікті мас күйінде жүргізген 55 жағдай тіркелген. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін 540 бұзушылық анықталған. Жол сақшылары жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де тәртіпке бағынуға шақырды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz