Жергілікті тұрғындардан түскен арыз-шағым жиілеп кеткендіктен, испандық Пальма қаласы туристік маусым кезінде пәтерлерді жалға беруге тыйым салыпты. BBC-дің хабарлауынша, шаһарда баспананы қысқа мерзімге жалдау бағасы сайттар мен қосымшалардың саны көбейген сайын қымбаттап барады. 2013 жылдан бері Пальмадағы бұл қызмет түрі 40% өскен. Сонымен қатар туристер жиі шоғырланған аудандардағы тәртіп нашарлап, келеңсіз оқиғалар көбейген. Мұның бәрі жергілікті тұрғындардың мазасын май ішкендей қылып отыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz