Қазақстан жаңалықтары
- Қазақстандықтардың табысы молайды. Осы жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша, елдегі орташа айлық жалақы 152 мың 400 теңге болды
- Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 2018 жылдың сәуірі қорытындысы бойынша 31 млрд 800 млн АҚШ доллары болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 6,7%-ке артық
- Төрт айда зейнетақы жинағының таза инвестициялық кірісі 169 млрд 300 млн теңге болған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 83%-ке көп
- Банктердің экономиканы несиелендіру көлемі 1,1%-ке артып, 2018 жылдың сәуірі соңында 12 трлн 701 млрд теңге болды
Әлем жаңалықтары
- 2018 жылдың алғашқы тоқсанында АҚШ-тың ЖІӨ-нің шынайы өсімі, екінші бағалауға сәйкес, жылдық тұрғыда 2,2%-ке жеткен
- Украина үкіметі халық үшін газ бағасының қымбаттауын тағы да 1 тамызға дейін шегерді. Сәрсенбіде министрлер кабинетінде өткен отырыста осындай қаулы қабылданды
- Франция президенті Эмманюэль Макрон Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалау қажеттігін мәлімдеді.
- Иранның мұнай министрі Бижан Зангане, ОПЕК-тен елді қолдауын сұрайды
Сараптама
Биыл билік пен ғаламшардың ірі бизнес элитасының ерекше диалог алаңы - шетелдік инвесторлар Кеңесіне - 20 жыл толады. Өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдары соңында құрылған кеңес - Қазақстанның әлемдегі инвестициялық беделін қалыптастырып келеді. Алайда, консультативті органның жұмысы мұнымен ғана шектелмейді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz